Біз жайында

«Казстройподряд» ЖШС 2005 жылғы 16 мамырда құрылған қазақстандық құрылыс компаниясы. Біздің қызметіміз сапа мен сенімділік стандарттарына сәйкес келетін жоғары табысты заманауи құрылыс бизнесін дамытуға бағытталады. Инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмыскерлердің заманауи техника мен технологияны игеруі, мол өндірістік тәжірибесі, жоғары дәрежелі кәсіби біліктілігі құрылыс саласының дамуына лайықты үлес қосуға мүмкіндік береді.

 

Біздің миссиямыз

Қазақстанның экономикалық дамуын, компанияның жоғары табысын және оның қызметкерлерінің әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, өмір сүру мен коммерциялық қызмет үшін жағымды жағдай жасау

 

Біздің қағидаларымыз

  • тапсырыс берушілермен қатынастардағы жауапкершілік пен адалдық
  • жұмыстарды дәл уақытта орындау
  • құрылыс қызметінің жоғары сапасы
  • жетілдіру мен жаңғыртуға ұмтылу
Жұмыстар мен қызметтер

 «Казстройподряд» ЖШС келесі жұмыстар мен қызметтер түрлерін іске асырады:

  1. ізденіс жұмыстары
     
  2. жобалау (сәулеттік, статикалық, электрлік, ішкі көрініс жобалары)
     
  3. келесі объектілер құрылысы:
  • сауда және ойын-сауық орталықтары;
  • кеңсе ғимараттары;
  • тұрғын үйлер;
  • қонақ үй ғимараттары;
  • оқу орындары ғимараттары;
  • спорт кешендері;
  • болат құрылмалы ғимараттар.

    4. ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары