«Казстройподряд» ЖШС 2005 жылғы 16 мамырда құрылған қазақстандық құрылыс компаниясы. Біздің қызметіміз сапа мен сенімділік стандарттарына сәйкес келетін жоғары табысты заманауи құрылыс бизнесін дамытуға бағытталады. Инженерлік-техникалық қызметкерлер мен жұмыскерлердің заманауи техника мен технологияны игеруі, мол өндірістік тәжірибесі, жоғары дәрежелі кәсіби біліктілігі құрылыс саласының дамуына лайықты үлес қосуға мүмкіндік береді.
«Казстройподряд» ЖШС миссиясы – Қазақстанның экономикалық дамуын, компанияның жоғары табысын және оның қызметкерлерінің әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, өмір сүру мен коммерциялық қызмет үшін жағымды жағдай жасау
«Казстройподряд» ЖШС өз қызметінде Қазақстан Республикасының сәулет-құрылыс қызметі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экология саласындағы нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарын қатаң сақтайды.
«Казстройподряд» ЖШС келесі қағидаттарды орындай отырып, осы Саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді:
- бәсекеге қабілеттілік пен тиімділікті арттыру, ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіру;
- құрылыс саласында, оның ішінде қосалқы мердігер ұйымдарда орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын дамыту, құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдерінде сапаны бақылауды ұйымдастыру;
- жобалау, құрылыс және басқару, еңбек қауіпсіздігі және экология саласындағы персоналдың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру;
- жұмыс орнындағы кәсіби тәуекелдерді азайту және алдын алу, қоршаған ортаға экологиялық аспектілердің әсерін азайту және алдын алу бойынша шараларды анықтау, бағалау және іске асыру;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша персоналмен және олардың өкілдерімен міндетті кеңестер өткізу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға ынталандыру және қатыстыру;
- нысаналарда, оның ішінде қосалқы мердігерлермен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;
- сапаны жақсарту, мерзімдерді оңтайландыру, құрылыс құнын төмендету және өндірістік факторлардың жұмысшылардың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін азайту мақсатында құрылыс саласында озық экологиялық таза және қауіпсіз технологияларды пайдалану және енгізу.
«Казстройподряд» ЖШС басшылығы әзірленген интеграцияланған менеджмент жүйесінің ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 стандарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және оның жұмысының тиімділігін үнемі арттыруға міндеттенеді.
«Казстройподряд» ЖШС басшылығы әзірленген менеджмент жүйесінің ережелерін барлық персоналға жеткізуге және Саясат қағидаттарының орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.